“Шапағатқа” жұрт разы
Жанкелдин. Таяуда аудан орталығында “Шапағат” азық – түлік дүкені есігін ашты. Бұл әлеуметтік нысан Қ.Алтынсары көшесінің бойында орналасқан. Іші жарық, әрі кең. Мұнда күнделікті қажетті өнімдердің бәрі бар. Иесі Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінің ұстазы Гүлнұр Аубакирова. Бүгінгі таңда халыққа қажетті азық – түлікті Қостанай қаласынан тасып әкеліп отыр. Ал, сусындарды Арқалық қаласындағы ірі сауда орталықтарынан арнайы тапсырыс беру арқылы алдырады екен.