Салқын су бір тәулікке тоқтайды

Қостанай қаласында жылу маусымы қарсаңында «Қостанай  СУ» МКМ құбырларды жөндеуді қолға алды. су
-Осыған орай, облыс орталығында 20-21 тамыз аралығында салқын су тоқтатылады. Тіршілік нәрі түнгі 03.00-де тоқтайды. Қала әкімшілігі тұрғындардан алдын ала су қорын молайтып алуын сұрайды. Тағы да айта кетейік, 21 және 24 тамыз аралығында су құбырлары жүйесін хлормен тазалайды, –  деп хабарлайды қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Қосылғаннан кейін суды пайдаланбас бұрын шамалы уақыт ағызып, артынша қайнатып ішіңіздер.     
                                                                                        Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓