Жолда қала жаздады
Меңдіқара ауданының Соснов ауылдық округіне қарасты Камен-Орал ауылынан 3 шақырым жерде аудандық маңызы бар автожолда көліктерімен қалып қойған жолаушылар құтқарылды.
19 желтоқсанда құтқарушыларға түнгі сағат 10:25-те Қостанай қаласынан Красная Пресня ауылын бағытқа лған автокөліктің межелі жерге жетпегені туралы хабарлама келіп түскен. Көлікте 47, 45 және 29 жастағы үш адам болыпты.
Көліктің аккумулятор батареясы істен шығып, салдарынан олар қараңғы түнде жолда қалған. Тек туыстары "112" құтқару қызметіне уақытылы хабарласып, соның арқасында үшеуі аман-есен құтқарылды.
ТЖД-нің 3 қызметкері мен 1 арнайы техникасы және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқиға орнына барып, құтқарылған азаматтардың көлігін Боровской ауылына дейін сымарқанмен сүйретіп апарды.