35 ауыл тасқынға дайын емес

Тасқын қаупіне бетпе-бет келуге барлық аудан тас-түйін дайын болмай шықты. ТЖД қызметкерлері кейбір селолық округтер әкімдеріне жазбаша ескерту жолдады.таскын
Күн бұрын ТЖД қызметкерлері полицейлермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кезекті рейд өткізді. Мамандардың анықтауынша, 35 елді мекенде қар тазалау жұмыстары жүргізілмеген, ал арықтар мен суағарлар күл-қоқыстан тазартылмаған. Бұл, мәселен, өзен суы арнасынан асқан жағдайда тұрғын үйлердің апатқа душар болуына себепкер болуы мүмкін. Осы себептен селолық округтердің әкімдеріне қатаң ескерту жасалды. Сондай-ақ, 36 жеке тұлға, санамалап айтсақ, Қостанайдан 10, Қарабалық ауданынан 5, Алтынсарин ауданынан 10, Сарыкөлден 5, Федоровтан 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы алғанда, облыс бойынша 116 елді мекен тексерілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓