Қостанай қаласының экс-әкімі ұсталды
Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановты кеше 8 қыркүйек күні кешкі сағат 17.05-те ұстады. Оған лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі де растап отыр.
Бұрынғы әкімнің ұсталғаны туралы бүгін, 9 қыркүйек күні таңертең қалалық №2 сотқа хабарлама түскен. Ертең 10 қыркүйек күні облыс орталығының экс-басшысы үшін жауапкершіліктен бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілмек.
Еске сала кетсек, Ахметжанов 2014 жылы 18 маусымда Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Кеше, 08 қыркүйекте өз өтініші бойынша лауазымдық қызметінен кетті. Бұрынғы әкімнің екі бірдей орынбасары пара алды және сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысы бар деген күдікпен 2 айға қамақта отыр.