Жерлесіміз халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өткізу аясында ұйымдастырылған «Тарих және мәдениет» этникалық мәдени халықаралық фестивалінде қостанайлық Манапбек Қадір топ жарды.IMG_0977
Елордадағы «Тілеп Қобыз» мәдениет сарайында 17 мемлекеттің өнерпаздары 3 аталым бойынша бәсекеге түскен. Атап айтқанда, өңкей өз елдерінің аузын айға білеген майталмандары вокал, инструментал, хореография түрелері бойынша бабы мен бағын қатар сынады. Фестиваль 2 айналымнан тұрды. Вокал аталымы бойынша Қостанай облысы намысын арқалап барған Манапбек 1-турда Балуан Шолақтың «Ғалиясын» айтып, халықаралық деңгейдегі қазылар алқасын таңдай қақтырды.DSCF6874 Солайша, екінші айналымға іліккен жеті өнерпаздың қатарынан көрінді. Ақтық айналымда жерлесіміз Нұржан Наушабаевтің «Көкен-ай» атты әнін асқан шеберлікпен орындап, ортадан оқ бойы озық шықты.
Дарынды өнерпаздың үлкен жеңісі туралы көлемдірек материал газеттің келесі нөмірінде жарық көретін болады.
 
Жандос Балғынбекұлы  

You may also like...

1 Response

  1. Гүлден айтты:

    Құтты болсын! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓