COVID-19: 2924 адам айықты
6 қазан күні Қостанай облысында коронавирус инфекциясы 2 адамнан анықталды.Індетті Қостанай қаласы және Қостанай ауданы тұрғындары жұқтырған. Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық мақсатта тексерілген, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілері бойынша шағымданған. Олардың бұған дейін COVID-19-бен ауырған адамдармен байланыста болғаны анықталды.
Осы науқастармен жақын қатынаста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
2020 жылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, облыста COVID-19 кеселін жұқтырғандар саны 3502-ге жетті. Осы күнге дейін 2924 адам емделіп шыққан.