Бүлдіршінді ит қапты

Қарабалық ауданының орталығында кішкентай баланы ит қапты. Кешке таман анасына аула жұмыстарына көмектесіп жүрген қыз бала байлаулы итке жармасады. Басынан сипамақ болған баланың қабаған ит бетіне атылып, ауыр жарақаттар салады. 
ит
 

Кішкентай қыз Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер жеткіншектің жағдайының қалыпты екенін айтады. Қажет болған барлық емдеу курстарынан өтті. Антибактерия терапиясымен, ауруды жеңілдететін және иттің жындылығына қарсы егулерді қабылдаған. Ата-анасы да балақайдың қорқынышы сейіліп, жарақаты жазылып келе жатқанын айтады.
Ессіз айуанға қарсы "жаза" шығарған ешкім жоқ: байлаулы орнында әлі тұр. Айте кетейік, бұл өздерінің асырауындағы ит екен.  Жәбір көруші ата-ана бала денсаулығы мен психологиясына қауіп төндірген итті жоюдың амалын қарастырып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓