Келіншек із-түссіз жоғалды
Қостанай қаласы қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің хабарлауынша, 40 жастағы əйел адам 1 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Гүлнəр Молдашева 1977 жылы дүниеге келген. Бойы – 162 см. Орта бойлы, қой көзді, қысқа шашты.
Ол өткен жұма күні үйінен қызыл велосипедпен шыққан. Жақындарының айтуынша, ол қызыл футболка жəне сұр шалбар киген. Үстінде жасыл күртеше болуы мүмкін. Қоңыр сөмке асынған. Егер де Гүлнəр Молдашеваны көрген немесе əлдебір ақпаратқа ие болсаңыз мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 701 979 83 43, 8 776 707 88 87 немесе 52 68 50