Тәрбие құралы
Облыстық "Қостанай таңы" газеті отбасымыздың сүйіп оқитын газеті. Жыл сайын үйімізге міндетті түрде жаздырып аламыз. Өйткені онда тұщынып оқитын мақалалар өте көп.
Әсіресе, тарихи деректер жазылатын беттер бізге өте ұнайды. Бала шағамызбен бар ынта зейінімізді салып оқимыз. Отбасымызбен жүрген жерімізде насихаттап, айтып жүреміз. Мен өзім дәрігер болғандықтан осы өңірден шыққан дәрігерлер туралы, олардың өмірбаяндары туралы көбірек білгім келеді. Және өзге мамандық иелері де мен сияқ-ты толғанады деп ойлаймын. Аға ұрпақтың өткен өмір жолдары кейінгі өсіп келе жатқан жас буын-ға тағылым тәрбие. Туған жер-дің, елдің тарихы осылай жанашырлықпен қатталып жазыла берсе одан біздің ұтарымыз мол. Өскелең жас ұрпақ өткенді танып біліп, өз елінің патриоты болып өседі. Демек, газет жастарды жақсыдан үйретіп, жаманнан жирентетін нағыз тәр-бие құралы. Газеттің қоғамда атқаратын рөлі зор. Жаныңа рухани азық сыйлап, өмірде болып жатқан жаңалықтармен дер кезінде құлақтандырып, түзу жолға бастап отырады. Төл газетіміздің мақалаларының мазмұны қандай жақсы болса, оның орналастыру, бері-лу тәртібі, безендірілу сапасы да жыл сайын жақсарып келеді. Түрлі түсті болып шығатыны тіпті керемет. Әлі де оқырмандарын көптеп тауып, ақпарат кеңістігіндегі абырой беделінің арта беруіне тілектеспіз.
Ажар Ибрагимова,
Арқалық қалалық емханасының терапевт-дәрігері.