Ардагерді құттықтады
Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді құттықтау шарасынан жол саласының қызметкерлер де қалыс қалмады.

Иван Никитович Поляков 1925 жылы 13 шілдеде Ақмола облысы Знаменский кентінде дүниеге келген. 1943 жылы 8 қаңтарда Қостанай аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырылды, себебі отбасы сол кезде Затобол кентінде тұрған. 1945 жылға дейін майдан даласында болды. II Украина майданында жаяу әскер құрамында соғысқан. Днепропетровск маңында ауыр жарақат алып, III топтағы мүгедек болып елге оралды. "Даңқ", "Отан соғысы" ордендерімен, "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталған.
"Иван Никитовичке жыл сайын мереке қарсаңында құрмет көрсетіп, көңілін сұрап келіп тұрамыз. Ардақты ардагерлерге бас иіп, құрмет көрсетуді парыз деп білеміз", – дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалының директоры Абылайхан Алшынбаев.
