Жол құрылыс аяқталуға жақын
Қостанай. Облыс орталығындағы солтүстік-батыс шағын ауданындағы жол құрылысы келесі аптада аяқталады. Қазір тас жолды тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал одан кейін арнайы белгілер орнатылмақ. «Бұл маңда мемлекеттік тілде оқытатын мектеп бой көтергендіктен, оны да есепке алдық. Жол бойында төрт автобус аялдамасы орнатылады. Өйткені, аудан аумағы ұлғайып келеді және мектепке Қостанайдың әр түкпірінен қатынаушылар көбейеді. Автобус аялдамалары тұрғындарды жел өтінен, жауын-шашыннан қорғайды»,-дейді мердігер фирманың жетекшісі Майль Тороян.