Үздік жүргізушілер марапатталды
Жітіқара қаласында өткен "Жолдағы қабылдау" акциясына 500-ден астам жүргізуші қатысты. 20 үздік жүргізуші грамоталармен марапатталды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша акцияға "Нұр Отан" партиясының өкілдері де қа-тысты. ОІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Оспанов басқарған мобильді тобы консультациялық жұмысты ұйымдастырып, жолдағы жағдайға қатысты жітіқаралықтардың сұрақтарына жауап берді. "Асбест" аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге 500-дей адам жиналды. "Жолдағы қабылдауды" ұйымдастырушылар үздік жүргізушілерді грамоталармен марапаттады. Жітіқара қалалық аудандық ішкі істер бөлімі басшылығы полиция бөлімі мұражайының көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында сауалнама өткізіліп, полицияның жұмысына баға берілді.