Оқу орнындағы жаттығу

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ғимаратында оқу мекемелерінде өрт сөндіру тактикасын, өрт сөндіру қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
жаттығыу
Жаттығуға Қостанай қаласы гарнизонының жеке құрамы мен өрт сөндіру техникасы тартылды. Өртке қарсы қызмет пен нысан басшылығының адамдарды сыртқа шығару, өрт сөндіру жетекшілерінің жағдайды бағалау, барлау жүргізу, шешуші бағытты анықтау, бөлімшелердің жауынгерлік жұмысты жүргізу, құралдар мен күштерді орналастыру жөніндегі іс-әрекеттері пысықталды. Оқу орнының алдында өрт сөндіру шұғыл штабы қанат жайып, "өрттің" жағдайын бағалап, жеке құрамның "өртті өшіру" жөніндегі міндеттерін тиісінше орындауын қадағалап, басқа қызметтермен іс-әрекеттерді үйлестіріп отырды. Өрт сөндірушілер шұғыл да ширақ қимылдады. "Өрт" толықтай өшіріліп, жаттығу ойдағыдай өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓