«Кел балалар, оқылық!»

Осылай деп ұлт ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның балаларды оқуға шақырғанындай бүгін еліміздің барлық мектептері білім алушыларға есігін айқара ашты.рудный
Ата Заңымыздың 20 жылдығымен бірге келген Халықаралық білім күнін Рудный қаласындағы №7 қазақ орта мектебінің ұжымы да ерекше ықыласпен қарсы алды. рудный2Ерекше болары сол, биыл аталмыш білім ордасының ашылғанына тура 5 жыл толып отыр. Қысқа уақыт аралығында мектеп ұстаздары мен шәкірттері түрлі білім бәйгелерінде топ жарып, қаламыздың мерейін асыра түсті. Түлектердің ҰБТ-дағы жетістіктерін қоспағанда, мектеп еліміздің ең үздік 100 оқу орнының қатарына енді. Мұндағы тәлімгерлердің экспериментті түрде робот техникасының қыр-сырын үйренуі – білім көкжиегіндегі мүмкіндіктерді кеңейте түсетіні рас. Шарада сөз алған мектеп директоры Қымбат Бірманова мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Бексейітов жиналған жұртты білім күнімен құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 105 бүлдіршіннің болашақта ел тұтқасын ұстар білімді де парасатты азамат болуын тіледі.рудный3
Көңілдерін шаттық күйі кернеген ата-аналар мен жүздері бал-бұл жанған балаларға арналған жиында әсем ән әуелеп, қазақтың ұлттық биі қойылды. Шараның ең әсерлі тұсы – алғашқы қоңырау қағу рәсімін 1 «А» сынып оқушылары Мансур Бақытжан мен Дильназ Әбдірахманова жасады. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптың оқушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓