Халықаралық байқаудың жеңімпазы

Жақында Лисаков қалалық білім бөлімінің әдіскері Татьяна Яндулова Лев Выготский атындағы V Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.         
Шетелдік байқауға баланың ақыл-ойын дамытатын мектепке дейінгі білім беруді дамытатын озаттар, балабақшалар мен мектептердің үздік қызметкерлері, студенттер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру саласындағы кәсіпкерлер, оқу-ағарту саласындағы қоғамдастықтардың шетелдік көшбасшылары қатысты.
Байқауда алты номинация бойынша бақтарын сынады. Мәселен, «Педагог», «Студент», «Меңгеруші», «Кәсіпкер» және балабақшалар мен мектеп қызметкерлері үшін «Үздіксіздік», білім беру қоғамдастықтарының шетелдік көшбасшылары үшін «Education Community Leader». Соңғы номинация бойынша әлемнің төрт құрлығының 50 елінен 117 қатысушы өтінім берді. Қорытындысында жиырма ұстаз жеңімпаз деп танылды. Солардың бірі лисаковтық – Татьяна Яндулова. Жүлдегерлердің барлығына қомақты гранттар бөлінді. Жазда оларға «Балықшылар қоры» жазғы мектебінде оқыту ұйымдастырылады.
Лисаков қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓