Терек ұлпасы өртке себеп

Жыл сайын маусымның бірінші жартысында терек ұлпасы қалың түседі.
терек
Осы кезде өрттер жиі пайда болады. Терек ұлпасы аздаған ұшқыннан немесе темекі тұқылынан лезде тұтануы мүмкін және өте тез жанады. Балалар терек ұлпасын ермек үшін жағады, бірақ оның қаншалықты қауіпті екенін ойламайды. Қостанай қалалық өрт сөндіру бөлімшесі тек өткен үш күннің ішінде 40 рет терек ұлпасынан шыққан өртті өшіруге барды. Материалдық шығын 2 млн. теңгені құрады. Терек ұлпасының тұтануынан өрттің пайда болуына жол бермеу үшін үй иелері, ұйымдардың басшылары профилактикалық шараларды уақытылы қолдануы керек.
А.Баденов,
Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓