Эбола вирусының өтуіне жол бермейміз!
Әулиекөл ауданындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Әулиекөл ауданының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы» РММ-мен бірігіп аудан аумағында Эбола ауру белгілерімен ауырған адамның табылуы барысында шұғыл қызметтің іс-әрекеттерін жаттықтыру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Оқу-жаттығу барысында Эбола ауру белгісі бар адамды АОА-ның инфекция бөлімшесіне оқшаулау мәселесі, сонымен қатар ауданның шұғыл ден қою жасағының тартылуымен аурудың шыққан жеріне алғашқы санитарлық-эпидемиялық жұмыстарды жүргізу мәселесі жаттықтырылды.
Аудандағы шұғыл қызметтің қалыптасқан өзара әрекеті, мүмкін болатын жағдайларды жою бойынша шараларды уақытында қабылдау – ТЖ уақытылы және тиімді жою үшін маңызы бар шешім болары анық.
Әулиекөл ауданының ТЖБ бастығы
өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.Төрежанов