« Мен өрт сөндіруші болар едім!»

Рудный қаласындағы №11 орта мектептің 1-2 сынып оқушылары, әдеткі дәстүр бойынша, қалалық өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады. Балаларға ғимарат ішіне экскурсия жүргізіліп, кезекшілік-диспетчерлік қызметі таныстырылып, қарауыл және демалу бөлмелері көрсетілді.

DSC04502

 
 
 
 
 Оларды өрт жабдықтары және жауынгерлік машиналар аса қызықтырды, яғни мектеп оқушылары техниканы өз көздерімен көргендеріне өте қуанды. Қыз балаларға жауынгерлік өрт киімдерін киіп көру аса қызықты болды. Оқушылар тілсіз жауға қарсы жауынгерлердің жанкешті қызметі туралы көптеген мәлімет алды. 
 
 
 
 
Мектеп оқушылары, күнделікті өрт сөндірумен және адамдарды құтқарумен айналысатын адамдардың әңгімелерінен көптеген пайдалы ақпараттарды ойларына тоқыды. Балаларды машинада отырып, өртсөндіруші рөлін сомдаған ерекше қызықтырды.

DSC04496

 

 

 
  Содан кейін өрт сөндірушілер ұжымы балалармен «Үйретсе, мен де өрт сөндіруші болар едім!» атты суреттер сайысын өткізді. Ең үздік салынған суреттер құтқарушылар күніне қарсы бөлім қызметкерлеріне табысталатын болады.
 
DSC04494
 
Елена Гусарова,
Бастауыш сынып оқытушысы,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓