«Мейірімділікті іспен танытайық!»

Ертең «Облыстық қан Орталығы» КММ, облыстық әкімдіктің қолдауымен, Қостанай қаласының орталығында «Мейірімділікті іспен танытайық!» атты донорлық акция ұйымдастырады. Бұл шара ҚР Ата Заңы күніне орайластырылмақ.донор
Акция облыстық әкімдік ғимараты алдындағы алаңда сағат 9.00-ден 13.00-ге жалғасады. Барлық сауапты іске үлес қосушыларды естелік кәдесыйлар күтеді. Ұйымдастырушылар қан тапсыруға ниет етушілерден өздерімен бірге жеке куәліктерімен келуін сұрайды.
Өзге де сұрақтар бойынша +7(714)2-26-62-74 телефонына хабарласуға болады.  
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓