Сусын сататын аппарат

Қостанай қаласының орталық саябағына газдалған сусын сататын сауда автоматы (вендинг) орнатылды. Мұндай ретро-аппараттар 80-ші жылдары кең тараған болатын. IMG_1779Автоматта бір мәрте қолданылатын стақандар бар. Шәрбатсыз газдалған судың бір стақаны 30 теңге, апельсин шәрбаты 50 теңге және «Лимонад» шәрбаты 50 теңге. Үш түрлі сусынның бірін таңдау үшін тетікшені бассаңыз болғаны.  Құрылғы қағаз ақшалар мен тиындарды да қабылдайды. Артық ақшаңызды  қайтарып береді. 
IMG_1780
Қымбат ДОСЖАНОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓