Үлкен финал Лигасының жеңімпазы – «Жас Отандықтар»

Қостанай облысы бойынша «Жас Отан» Корпоративтік Қоры мен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы» бірлесе отырып шағын футболдан тұңғыш рет Үлкен финал Лигасын ұйымдастырды.
Жарысқа қатысуға сайдың тасындай командалар іріктеуден өтті. Атап айтсақ, Федоров, Меңдіқара, Жітіқара, Сарыкөл, Қарабалық аудандары және «Жас Отан» құрамасы ұпайларын түгендеп, Үлкен финал Лигасында ойнайтын құқыққа ие болды.
Матч айналымдық жүйе тәртібімен болды. Мұнда барлығын жеңген «Жас Отандықтар» жеңімпаз атанып, арнайы кубокті жеңіп алды.

доп

Жарыстың өтуіне мұрындық болған жас отаншы Олжас Сансызбаев тұңғыш өткен бәсекеге қатысуға ынта білдірген барлық команда мүшелеріне алғысын айтып, алдағы уақытта дәл осындай сипатта тағы да бір бәсекені ұйымдастыру керектігін жеткізді. Бұл турнирдің ендігі жерде дәстүрлі түрде өтетіні де белгілі болды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓