Салт па, қылмыс па?
«Қыз алып қашу» – әлі күнге қоғамдық пікірді қақ бөліп жүрген өзекті мәселе. Мұны бірі қазақы ғұрып деп таныса, енді бірі қылмыс ретінде қарайды. Салт-дәстүрді қолдап жүрген немесе жұрт айтуындағы «қылмысты» жасаушы жігіттердің пікірін білейік. Осы турасында қостанайлық жігіттер арасында жүргізген сауалнамамызды ұсынамыз.
https://www.youtube.com/watch?v=TB0qVS_-Q1U
Нұрбақыт Рақымжанов: Қыз алып қашу ол қазақ халқының салты. Қадыр Мырза-Әли ағамыздың «бір жаманы – қыздарын малға сатып, бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан» деген әдемі сөзі бар. Егер, сүйгенін келісіп, алайда ата-анасы қарсы болса алып қашуға болатын шығар. Сөз байласып, келісіп қойған дұрыс. Естіп жатамыз, еліміздің басқа өңірлерінде «әй-шәйсыз» бейтаныс қыздарды да алып қашады. Бұл-қылмыс. Ол адам ұрлау, келесі тұлғаның құқығын таптау. Сосын, үйіне апарып, сыпайы түрде құлдыққа жұмсау деп ойлаймын.
Айбек Байдилдинов: Мен қыз алып қашуға қарсымын. Абзалы, қолдан алу. Қыздың келісімімен, әке-шешесінің ақ батасын алып, ел-жұртты шулатпай ғана үйленген дұрыс. Танымайтын, сүймейтін қызды ұрлап кету дұрыс емес. Жағдайың жоқ па? Сүйгенін сені қинмайды, сенің бар қалпында тұрмысқа шығады. Менікі ертегідей шығар, бірақ өзім сияқты жастардың ақылға салып, саралағанын қалаймын.
Жанболат Кенжеғұл: Ғаламтордан көп көремін, тіпті аяп кетемін. Қыздарды күштеп ұрлап, жігіттің әке-шешесі қосылып қызды жылатып, қамап қояды. Өзімнің де қарындастарым, тәтелерім бар ғой. Ойланып қаласың. Алып қашуға болады, егер сөз байласқан қызың болса. Ата-көңілі әрқашан ақ қой. Үйінен қашып кетсең де батасын береді. Ал, жаңағындай қорлықпен әкетсең, түбі жаман болуы бек мүмкін. Аталы дәстүріміз де, асыл дініміз де келісімсіз еш нәрсені қолдамаған.
Нұрислам Жұмакенов: Қазір бәрі алып қашады ғой. Шындығына келгенде, жағдайын болса қолдан аласын, болмай жатса алып қашасын да. Әрине, үйленер қызынмен келісіп аласын. Сосын үй-ішіме айтамын. Алып қашудың еш өрескелдігі жоқ. Сүйгенің үшін барлық амалға көнесін ғой. Ата-бабамыз материалдық жағдайды ескере отырып, алып қашуға еркіндік берген емес пе?
Сауалнаманы жүргізген Кенже ҚОНЫСБАЙ.