Үздіктер іріктелді

Мерейі үстем болып, көп ішінде көш бастаған білім ошақтарына мақтау қағаздары мен ақшалай сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарды 6 номинация бойынша марапаттады.
Қостанай қаласында мектеп және балабақшалардың көрсеткіштеріне қарай рейтинг 2009 жылдан бері жарияланып отырады. Оларды сапа, талап және нәтжиесіне байланысты бағалайды. қушылар
Өткен жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында №27 ясли-бағы үздік деп танылған. Бұл жерде бүлдіршіндерге жалпы білім берумен қатар, ұстаздар өздері ойлап тапқан қосымша бағдарламалар бойынша да жұмыс жасайды. 

Ал, аралас мектептер арасында бірінші орынды №18 мектеп-гимназиясы иеленді. Мектеп директорының айтуынша, 2010 жылы аталмыш оқу ордасы 20-орында болған. Ұжымдағы ұлағатты ұстаздардың еңбегінің арқасында 4 жыл ішінде осындай нәтижеге жетіп отыр. 
Үздіктер тізімінің көшін бастағандар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Мектеп директерорлары қаржыны білім ошақтарының игілігіне жұмсалады деп уәде берді.     

 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓