Жәрмеңке орталықта өтеді
Қостанай қаласы. Сенбіде өтетін кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бұл жолы сити орталықта өтетін болады. Жәрмеңкеде 100 тоннадан астам азық-түлік өнімдері, соның ішінде 25 тонна ет сатылады деп күтілуде. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің бағасы да сол қалпында қалмақ, мәселен сиыр етінің келісі 800-950 теңгеден, шошқа 800-900 теңге, қой еті 900 теңгеден сатылымға түспек.