Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Өткен жылдың біраз бөлігі қазіргі жағдайға байланысты қашықтан оқытумен өтті. Бүгінде білім күніне орай, барлық жерде дайындық қызу. Ал Қостанай облысында санаулы күндерден соң басталатын жаңа оқу жылына дайындық қалай? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова айтып берді. 
Облыстық білім басқарма­сы басшысының айтуынша, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыстың 802 білім беру ұйымы дәстүрлі режимде жұмысқа кірісетін болады, оның ішінде 710 мемлекеттік: 477 мектеп, 122 балабақша, 25 колледж, 24 арнайы білім беру ұйымы бар. Он екі мыңға жуық (11 884) бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Оларға әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, таза ауада салтанатты жиындар өткізіледі. Жиын барысында бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» және «Букварь» табыс етіледі.
    «2-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жерлесіміз, ұлы педагог және ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сынып сағаттары өтеді. Сынып сағаттары Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінен басталады. Облыста барлығы 477 мектепте 110 мыңға жуық оқушы партаға отырады.
Жаңа оқу жылында сабақтардың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Мектептерде бес күндік жұмыс аптасы жалғасатын бол.ады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, мектеп жүктемесі үлкен болғанда, барлық талаптарды ескере отырып сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда сенбі күні де оқитын болады, – деді З.Байменова.
Көптеген ата-аналарды мектеп формасының мәселесі алаңдатады. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, сонымен қатар, мектеп формасымен бірге, отбасының мүмкіндіктеріне байланысты оқушылар мектепке іскерлік, классикалық стильдегі киіммен бара алады.
Балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында мектептерде барлық мүмкін шаралар қабылданды.
Дәстүрлі форматта жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған: білім беру ұйымдары 105 млн теңге сомасына санитарлық құралдармен қамтамасыз етілген (кіреберістегі дезинфекциялық кілемшелер, жылутүсіргіштер, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар, кварц шамдары).
   -Білім беру жүйесінің 32,5 мыңнан астам (32 665) қызметкерінің 3377 медициналық қарсы көрсетілімі бар. 29 288 адам немесе 100% екпе алған. Мектеп қызметкерлері, педагогтар мен ата-аналар үшін білім беру ұйымдарына кіру «Аshyq» қосымшасы бойынша жүргізіледі. 18 жасқа толмаған мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін «Аshyq» қосымшасы пайдаланылмайтынын атап өткім келеді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Медицина қызметкерлері білім алушылар мен барлық қызметкерлер ғимаратқа кірген және шыққан кезде жанаспайтын термометрлермен күнделікті таңертеңгі сүзгіні өткізеді.
Мектептерде жылжымалы кесте, сабақтар мен топтар үшін әр түрлі басталу және өзгеру уақыты ұйымдастырылған. Кабинеттік жүйе жойылды, әрбір сыныпқа жеке кабинет бекітілді.
Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған және қашықтықтан оқыту форматына көшу мүмкін болған жағдайда оқушылар мен педагогтердің 100%-ы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін 30 мыңға жуық компьютер бар (29 929), оның ішінде 21 мың компьютер 2020 жылы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін сатып алынған.
570 мектепке дейінгі ұйымда 28,5 мыңға жуық бала білім алуда. Қазіргі кезде бас санитарлық дәрігердің Жаңа қаулысына сәйкес балабақшалар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі режимде жұмысқа кіріседі.

 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓