Бір айдың көлемінде аяқтайды

 Облыста егін орағы басталды. Бүгінгі күнге дейін диқандар барлығы 125 мың гектар алқаптың орақ түсіп үлгерді. Оның ішінде 97 мың гектардың астығы бастырылған. Әзірге шығым 7 центнер көлемінде. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов хабарлады.

егін

       Сондай-ақ, шаруалар арпа, сұлы және басқа да дәнді дақылдарды қысқа мерзімде жинап алуды көздеп отыр. «Егер ауа-райы қалыпты болса, қостанайлықтар жиын-терімді бір айдың көлемінде аяқтайды»,-дейді С.Есенаманов   
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓