Ұстаздардың тамыз мәслихаты өтті
Ал ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші республика бойынша төмен. ҰБТ орташа баллы 78,79 құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,15 пайызға төмен. Облыстық филармонияның күмбезді залында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде облыс әкімі Нұралы Садуақасов осылай деді. Өңір басшысы педагогтардың білім беру сапасын сынға алды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараеваның айтуынша, Тобыл өңірінің мектептері жаңа оқу жылына дайын. Тек Қарасу ауданына қарасты Челгашы орта мектебініңі күрделі жөнеу жұмыстары 20 қыркүйекке дейін жалғасатын түрі бар. Сондай-ақ, аймақ басшысы ата-аналар арасында түсіндіру жұмысын ертерек жүргізуді тапсырды.
Тамыз мәлихатында баса назар аударылған негізгі міндеттердің бірі – Елбасы айтқан дуальды техникалық және кәсіпқой білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мен оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. Ал, оқулық мәселесіне келетін болсақ, өңір аумағына оқулықтар толық жеткізілген.
Сонымен қатар, соңғы үш жылда Қостанай облысы бойынша білім саласын қаржыландыру айтарлықтай өскенін де атап өтті. Биыл бөлінген қаржы 47,9 миллиард теңгені құрайды. Тек ғана үстіміздегі жылы білім ошақтарын күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 3,2 млрд. теңге бөлінген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өңірдегі 5 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізуге 572 млн. теңге қаржы құйылды.
Ал, балабақша кезегінде тұрғандардың саны 24 мың балаға жеткен. Дегенмен біздің өңір балабақша қажеттілігінің орнын толтырудың басқа да жолын тауапты. Әлия Төртқараеваның айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мақсатында шығын орталықтарды толық күнге ауыстыру арқылы шешілген Өткен жылы Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту есебінен 1033 жаңа орын ашылды.
Өңірімізге еңбегі сіңген бірқатар ұстаздар облыс әкімінің грамотасымен «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша 14 мектептің арасында өткен жарыста биыл Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл орта мектебінің ұжымы 17 млн. теңге облыс әкімінің грантын ұтып алды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ