Сәнге айналған «сэлфи» – адам өміріне қауіпті

Селфиға әуес жандар қатары Қостанайда да көбейді. Облыс орталығында жасөспірімдер ғимараттардың шыңына шығып, суретке түседі. Мысалға, Гоголь көшесінің тұрғындары спирт зауытының  ескі ғимаратының шатырына шығып, балалардың қауіпті сынақтарына жиі куә болады. Үлкендер балақайлардың бұл әрекетіне аландаулы,-деп хабарлайды аймақтық Алау порталы. Иван есімді зейнеткер «осы мәселені қолға алар жан болса екен» – дейді. 
«Мұнда 10-12 жас аралығындағы жеткіншектер күн сайын келеді. Әсіресе, кешке таман. «Мұнда не жоғалттыңдар?»-десем, олар: қалаға биіктен қараған ұнайды, деп жауап қайтарады. Артынша секіреді. Оқиға күнде қайталанады.

IMG_1188

Тұрғындар аландаулы. Ғимарат ескі, құлап кетуі мүмкін.Психолог маман Игорь Зуев мұны жастардың өздерін төмен санайтыны себеп дейді. Жетістіктерін көрсетіп, мақтану үшін осындай әрекетке барады. Тез арада атақты болғылары келеді. Оның үстіне қазір, жастар әлеуметтік желілерде «лайк» жинау үшін бәріне дайын екендігін айтады. Көршілес Ресей Федерациясында осындай әуесқойлықтан балалар өлімі көбеюде. Көп қабатты үйлер шатырына шығып немесе жүйткіген отарбада өзін-өзі суретке түсіру үшін бастарын қатерге тігеді. Экстримал мен ерекшелікке құмар жастарға психологтар  спортпен шұғылдануға кеңес береді. Қандай спорт түрін таңдаса да алаң болмайсыз. Мамандар олармен жұмыс жасап, қауіпсіздігіне жауапты болады. Мұндай шара жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізіп, бақылауды күшейтетіні анық. 
 

Кенже ҚОНЫСБАЙ

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓