Бұлақ көрсең…
Лисаков қаласының судан құтқарушылар бекеті ауданындағы бұлақ енді балдай дәмімен ғана емес, көркімен де өзіне тарта түспек. Маңайын абат кейіпке ендіруді шілде айында И.Божук атты жергілікті тұрғын қолға алған-ды.
Бұл қайнар көзді 90-жылдары Лисаков кен-байыту комбинаты ашыпты. Араға 25 жыл уақыт салған соң ғана шалғайдан «менмұндалайтын» көркем де қолайлы орынға айналып отыр. Жер асты суы шаптырып жатқан шұңғымаға дейін таспен қабырғасы әсем өріліп, баспалдағы шеберлікпен төселген. Бұрынғыдай лас та емес. Бір сөзбен, жергілікті тұрғындар көңілінен шығуда. Ендігі қалып тұрғаны – жауын-шашыннан қалқалап тұрмаққа, төбесі мен қос қатпалын қоршап шығу.