Ауру мал ақшасыз қалдырды
Қостанай облысына қарасты Ильич ауылының тұрғындары мал дәрігерлерін кінәлап отыр. Бұл ақпарат informburo.kz сайтында жария болды. Ауыл жұрты олардың сиырларға қойған «бруцеллез» ауруы деген диагнозы жалған дейді. Бұның бәрі жыл соңында осы сиыр етін арзан бағаға сатып алу үшін қасақана жасады деген күдік бар ауылдықтарда.
Мәселен, Жанна Назарова есімді азаматша былтырдан бері өзінің төрт сиырына қойылған аталмыш диагноздың қате екендігіне сенімді. Тек соны дәлелдеп беретін бір білікті маман таба алмай жүр екен. Биліктегілер оған мүйізді малдарынан құтылып, етін өткізуді талап еткен. Еттің келісін 490 теңгеге бағалаған. Көрсетілген баға деңгейі үшін 50% демеу қаржысы уәделенген. Алайда, уәделерінде тұрмай, 80 мың теңгені бермей қалыпты.
«Мен сиырларымның ауру екеніне сенбеймін. Алғашында бізге олар "жұқтырып алған" деді. Ал цехқа апарғанда ет таза, тек қанда ғана бруцеллез бар болып шықты. Мал етін сатылымға алып кеткендіктен, бізге өтемақы берілмеді. Жергілікті билік өкілдері мал сау болғандықтан, оған қосымша қаржы қарастырылмағанын айтып отыр», – дейді Жанна.
Мал дәрігерлерінен әбден көңілі қалған ауылдастары да Жаннаны қолдап отыр. Ал мал дәрігерлері тағылған айыпты жоққа шығарады. Бруцеллездің бұл түрі қанға түскенімен, ішкі ағзаға зиян келтірмейді. «Тұрғындардан да кінә бар. Егу маусымы келгенде қораларына жолатпай, сиырларын ала қашады,-дейді мамандар.