Журналистер марапатталды
Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні қарсаңында өткен аймақтық медифорумға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Шараны газетіміздің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков жүргізіп отырды.

– Бүгінде Қостанай облысында 120-дан астам БАҚ тіркелген. Олардың әрқайсысы өз өңірлеріндегі маңызды оқиғаларды тұрғындарға жеткізіп келеді. Атқарушы билік өкілдері де баспа құралдары, телеарналар мен радиолар арқылы қостанайлықтарды толғантқан мәселелерді біліп отыр. БАҚ билік пен халық арасындағы алтын көпір саналады. Сондықтан да Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнінің маңызы зор. Биыл 1993 жылы қызмет көрсете бастаған «Алау» телеарнасы 25 жылдығын, Таран аудандық «Шамшырақ-Маяк» газеті 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Барша БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтаймын, – деді Архимед Мұхамбетов медиафорумның ашылу салтанатында.


Медиафорум Л.Толстой атындағы облыстық кітапханадағы журналистер семинарымен жалғасты. Сарапшылар ақпараттық саясат, ақпараттық контент, интернет порталдардағы мақалалар тақырыптарында дәріс өткізді.



Суреттерді түсірген Б.Көркембаев