Жапония елшісі Қостанайда

Қостанайға Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохара келді. Елші Тобыл өңіріне іссапары барысында облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығында болып, “Шөп тамырлары” бағдарламасы арқылы алынған медициналық құрылғылармен танысты.

IMG_0767

“Шөп тамырлары” бағдарламасы біздің елімізде 1997 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы аралықта бағдарлама бойынша жетпістен астам жоба іске асырылып, нәтижесінде қаншама көмекке мұқтаж жандар бағдарламаның шапағатын көруде. Жапондардың жәрдеміне жүгінгендердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер екен. Әсіресе, Алматы мен Жабыл облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандар осы бағдарлама арқылы қаржыландырылған. Қостанай облысы бойынша да бағдарламаның арқасында 5 жоба жүзеге асырылыпты.
Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохараның айтуынша, күншығыс елінің әлеуметтік жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған “Шөп тамырлары” бағдарламасы Қазақстанда да жүзеге асырылуда. Гранттық бағдарламаның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың, аурухана, мектеп, тағы басқа әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге және салуға жасалған жобаларына өтеусіз қаржылай көмек көрсету. Қостанай облысындағы СПИД-ке қарсы күрес орталығы да осы бағдарламаның арқасында екі бірдей заманауи аппаратқа қол жеткізіп отыр.

IMG_0774

 Ал, мұндай аппараттар еліміз бойынша тек осы орталықта ғана көрінеді. Бұрын орталық мамандары науқастардың диагностикалық сарапатамасын сонау Алматыға жіберетін, енді соңғы үлгідегі құрылғының арқасында өздерінде анықтауға мүмкіндік алып отыр.
-Мемлекетаралық тығыз байланыстың арқасында біз бірлескен жобалардың жемісін көріп отырмыз. Сіздердің бағдарламаларыңыз біздің елде де өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бұған дәлел, осындай игі істер, – дейді облыс әкімі Н.Садуақасов.
 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓