Мақсат – оқушының полиэтникалық мәдениетін дамыту

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік  қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты "Полиэтникалық мәдениетті қалыптастыру: әдіснама, теория және тәжірибе" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Елбасымыз  өзінің биылғы   Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында  еліміздің тұрақты даму  құндылықтары деп қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім екендігін атап  өтті. Болашақ жастарға осы құндылықтарды жеткізудің барысы еліміздің жас азаматтарын полиэтникалық мәдениетте тәрбиелеу деген мағынаны білдіреді екен.  Сондықтан да ғылыми -практикалық конференция аясында Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Әлеуметтік институтының профессоры, РФ Президенті департаментінің білім және мәдениеті жөніндегі сарапшысы, философ  А. Егорычев " Көпұлтты мемлекет азаматтарының полиэтникалық мәдениетін қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері",  Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының балалар мәдениеті институтының директоры Р.Литвак "Полиэтникалық қоғамда жастардың мәдениетаралық қарым-қатынасын қалыптастыру",  "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік  қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры М. Слесарь "Педагогтың полиэтномәдени құзыреттілігі – мектеп оқушысының полиэтникалық мәдениетін қалыптастыру негізі" деген тақырыптарда  және тағы басқалар сөз сөйлеп, өздерінің баяндамаларында мектеп оқушыларының полиэтникалық мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі,  ұлтаралық құндылықтар жүйесіне оқушыларды қа-тыстыру үшін өнімді білім ортасын модельдеу, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, оқушыларды тәрбиелеуде полиэтникалық мәдениеттің теориялық-әдіснамалық негіздері  қажеттігін,  білім мекемелері мен ғылымдардың бірлесе жұмыс атқаруына назар аудару,  жас жеткіншектердің полиэтникалық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шешу барысында пән оқытуда барлық мұғалімдерді мақсатты түрде даярлау керектігін атап көрсетті. Оқушылардың бойында полиэтникалық мәдениетін қалыптастыру  үдерісін жүзеге асыру үшін ең алдымен осы бағыттағы инновациялық тәжірибелерді тарату,  мәселеге ерекше қызығушылық тудыратын мектептердің озық педагогикалық қоғамдастығын біріктіру,  полиэтникалық мәдениетті қалыптастыру бағытында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұндық кешенін күшейту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі оқу бағдарламаларымен кіріктіріп оқытуды қарастыру, сабақта және сабақтан тыс уақытта еліміздің бейбітшілігі мен келісімін сақтаудағы этномәдениет бойынша оның бірегейлігі, сонымен қатар ұлтаралық құндылық мәдениеті, оның маңыздылығындағы білімді толықтыру мақсатында жұмыстар жүргізу секілді мәселелер де назардан тыс қалмады.
Сонымен бірге халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ғалымдар клубы "Полиэтникалық мәдениетті қалыптастыру: әдіснама, теория және тәжірибе" тақырыбын, енді екіншілері пікірталас алаңында  "Полиэтникалық ортада мектеп оқушыларының ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу" мәселесін талқылады.  Сол секілді конференцияға қатысушылар  "Мектеп оқушысының полиэтникалық мәдениетін дамытудың әдіснамалық негіздері, "Полиэтникалық мәдениетті тәрбиелеудегі ұлттық дәстүрлердің рөлі", "Мәңгілік Ел" идеясын іске асыру полиэтникалық мәдениетті тәрбиелеу негіздері ретінде", "Білім беру ортасы жағдайында полиэтникалық мәдениетті қалыптастыру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау", "Мектеп оқушыларында полиэтникалық мәдениетті дамыту үшін мұғалімдерді даярлау" жүйесі функционалдық сауаттылықты қалыптастырушы ретінде "Полиэтникалық мәдениетті қалыптастыруда мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынас жасау теориясы мен тәжірибесі" тақырыптағы секцияларға бөлі-ніп,  шеберлік сыныптар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар ұйымдастырды, өздерінің пікір-лері мен ұсыныстарын айтты. Оқушыларда полиэтникалық мәдениет, этнология, этносаясат, полиэтнотолеранттық, полиэтникалық әлем және әлем мәдениетінің диалогы, тұтастығы, мәдениеті секілді түсінік ұғымдарын қалыптастыру қажет деген пікір де айтылды.
Гүлназым
     САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓