Қарасуда жол жөнделіп жатыр

– Енді жөнделмеген 7 шақырым жол бар. Бұлар биыл жөн-деуден өтеді. Оған бөлінген қаржы көлемі – 909 млн. теңге. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жат-қан – "ВАН" ЖШС, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Сергей Рогозик.
Бұдан бөлек, Қарасу ауылы бойынша жолдарды ағымдық жөндеуден өткізу жұмыстары қарқын алды. Қазір маңызды көшелердің бірі – Комсомольская жартылай жабылды. Мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың жалпы құны – 6090,0 мың теңге.
Сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстары биыл Қарасу-Большая Чураковка-Қостанай бағыты бойынша қолға алынбақ. Қазір бұл жұмыстардың жоспары дайындалып жатыр.
Жаңабай АХМЕТОВ.
Қарасу ауданы.