Батыс өңірінің Қостанайдағы апталығы басталды

            Облыстық баспасөз клубының бұл жолғы қонақтары – Батыс Қазақстан облысынан келген делегация. Құрамында қалың қазаққа есімі белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы  Дәулеткерей Құсайынов, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Роза Исатаева, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Талғат Жүсіпқалиев, талантты ақын Бауыржан Халиолла сияқты бірқатар тұлғалар болды. Жиынның модераторы Дәулеткерей Атауұлы астықты өлкеге келген сапарыдың мақсат-міндеттерін "төртінші билік" өкілдеріне түсіндіріп берді.DSCN1914
            – Облыстар арасында ақпарат және мәдени жетістіктермен алмасуды нығайтуға, "өзара облыстар апталығын" тұрақты түрде өткізуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл – Елбасының тікелей бастамасы. Еліміздегі әр өңірдің әлеуетінің  орасан зор және алуан қырлы екендігін ескерсек, бұл жобаны іске асыру ақпараттық-мәдени жетістіктермен тұрақты алмасуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ, облыстардың мәдени және шығармашылық жағдайын жаңа деңгейге көтереді. Ол дегеніміз – сапарлардағы  іс-шаралар бағдарламасында міндетті түрде концерт, көрме, театрлық қойылым қамтылады деген сөз. Екіжақты тәжірибе алмасу ұйымдастырылатын болады.DSCN1934
            Айта кетейік, БҚО-нан 200-дей өнерпаз келді. Олар аталмыш облыстың Қостанайдағы Мәдениет күндері аясында түрлі іс-шараларды өткізеді.  Апталық барысында ұйымдастырушылар Ш.Айтматовтың "Жәмилә" драмасы қойылатынын және композитор Е.Хасанғалиевтің әніне жазылған "Қостанай вальсі" шырқалатынын жеткізді.    Жайық өңірінің прозасы мен поэзиясы Һәм жастардың әдебиетке деген көзқарасы жайындағы сауалға Ақұштап апамыз:DSCN1938 – Қазіргі жастардың поэзияға, жалпы әдебиетке деген құлшынысына ризамын. Дегенмен, олардың арасында "озығы мынау" деп ешкімді көрсете алмайтын сияқтымын, әзірше бәйгеде барлығы тең келеді, қалғанын уақыт көрсетер, – деп жауап берді.   DSCN1921 
            Ал Бауыржан Халиолла Қостанай өңіріндегі тіл өресіне тоқталды. DSCN1954Оның айтуынша, ұлт жаны – ана тіліміздің қарыштап дамуы үшін қаламына сенген қарымды жорналшылар көп еңбек сіңіруі қажет. Сонда ғана жағдай жақсы жаққа ауысады.    
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ      

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓