Байланыс орнатылмайтын болды


Қарабалық ауданының мәслихаты «KCell» АҚ хат жолдаған болатын. Онда, Талды, Тасты-Өзек, Саман, Қарашкөл, Мағынай, Целинный, Сарыкөл және Шадықсаев ауылдарына ұялы байланыс желісін орнатуды сұраған. Алайда, аталмыш компания бұл жобаны жүзеге асыра алмайтынын айтып, жауап қайтарыпты. сотка
-Лицензиялық талаптарға байланысты, мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендерге ұялы байланыс желісін орнату жұмысын 2012 жылы тәмамдадық. Бұл жоба 2009 жылғы Ұлттық санақтың қорытындысына сай жүргізілді. Жоғарыда аталған ауылдар осы талаптарға сай емес еді. Осыған орай, бұл аймақтар компанияның 2015 жылғы жоспарында жоқ, -деп жазылған хатта. Ұялы телефон байланысын сарыла тосқан ауылдықтар келесі халық санағын тосуға мәжбүр.    
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓