“АйнаLike” бейнебайқауына қатысыңыз!

Құрметті оқырман!
"Қостанай таңы" облыстық газетінің ресми сайты "АйнаLike" атты бейнематериалдар байқауын жариялайды! Жарысқа түсіңіз! Бәлкім, Сіздікі бәрінен де артық, әрі шымыр, әрі көркем бейне атанар. Оза шапса, бәйге береміз! Қазір еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін смартфон, ұялы телефон тұтынады, демек кез келген құбылысты бейнеге түсіруге қабілетті. Бастысы, қатысушылардың жасын талғамаймыз! Айналамызда күн сайын болып жатқан сан алуан құбылыстардың селт еткізер, селк еткізер сәттерін қапы жібермейтініміз бар ғой! Ендеше, қысқа да нұсқа, талғаммен түсірілген бейнетаспаларды сайысқа салмақпыз!Видеоконкурс6
1. "Талаптыға нұр жауар". Бүлдіршінен балдырғанға, жеткіншектен жасөспірімге дейінгі туабітті дарындарды іздейік. Кімнің қандай тамсандырарлық өнері бар? Кімнің қабілет-қарымы, дарыны мен арыны бар? Қанекей, көпшілікке көрсетейік! Бейнекамераңызды қосыңыз да, түсіруге кірісіңіз! Ұзақтығы 3-4 минут болса жетеді.
2. "Ішегім қатты, ой-хой!" Күлдірмейтін, күлмейтін қазақ жоқ. Қазақы қалжың, қазақы әжуа, қағытпа, сайқымазақ ешқашан таусылған емес. Әдейі ойласып жатпай-ақ, өмірдің өзінен табасың. Еріксіз жымитатын, езу тартқызып, тіпті ішек-сілемізді қатыратын неше түрлі тосын жайттарды бейнеге жазып алған болсаңыз, бізге жолдаңыз. Бәріміз бірге көріп, бірге күлейік!
Байқаудың жүлделері бар! Оған қоса, газет бетінде, сайтта ардақтаймыз!
Тартынбаңыз, білек сыбанып жіберіп,  "АйнаLike" байқауына қатысыңыз!
Материалдарды 8 778 029 92 51 нөмірі "WhatsApp" желісі арқылы қабылдайды. Ескертеріміз, бейнематериалды жолдаушының аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілуі керек.

You may also like...

1 Response

  1. Нұржамал Құлтаева, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің бас маманы айтты:

    Байқаудың өту мерзімі қашан аяқталады?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓