Егін орағы басталады

Келесі аптадан бастап Тобыл дихандары егін оруды бастамақ. Облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың айтуынша, өңіріміздің орталық, шығыс және солтүстік аймақтарында егін әлі шикі, ал батыс және оңтүстігінде егін пісті.егін
– Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 90 пайызы егін орағына сақадай-сай. Мысалы, Қамысты ауданы бойынша егін шығымы гектарына 9-9,5  центнерден болса, ал Жітіқара ауданында жағдай орташа. Гектарына 6 центнерден, – дейді аймақ басшысы аппарат мәжілісінде.пискен егин
Сондай-ақ, Н.Садуақасов өңірімізде мал азығын жинаудан жоспарды артығымен орындалды, деді. Бүгінгі күні 1 млн. 650 мың тонна шөп қысқа дайын. Ал, астық кептіретін құрылғы сақадай сай тұр. Басты мақсат – жаз бойғы еңбекті далаға кетірмеу. 
 
 Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓