Жаңа оқу жылына дайын

Жиырма күннен кейін жаңа оқу жылы басталады, балалар мектепке барады. Біреулер білім ордасының табалдырығын алғаш аттаса, басқалары сыныптастарымен және сүйікті мұғалімдерімен қайта қауышады. Қазіргі кезде оқуға соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Өңіріміздегі барлық мектептер оқушыларды қабылдауға дайын. Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева жаңа оқу жылына дайындық туралы айтып берді.торткараева
-Тамыз айының соңғы күндері біз үшін жауапты әрі маңызды. Өйткені жаңа оқу жылына дайындық басталды. Барлық қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Ешқандай мәселе жоқ. Барлық ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Челгашы селолық округіндегі, Жітіқара және Арқалық қаласындағы №4 орта мектептердің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде оқу жылына толық дайынбыз, – деді Әлия Төртқараева.мектоеп
Ведомство басшысы мектеп формасы және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. «Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әрқашан да өзекті. Оқушыларды сапалы оқулықтармен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған жұмыстар қолға алынды»,- деді ол.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓