Жеті медаль жеңіп алды

 Жуырда қазақ күресінен Орал қаласында 14 -19 жас аралығындағы жас бозкілем шеберлерінің арасында «Жас барыс» республикалық турнирі аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 260-тан астам палуан қатысты.

ЖУМАХАН 2

 
Осы жарыста қостанайлық шеберлер жеті медаль еншіледі.Қазақ күресінің облыс құрамасының аға бапкері Жұмахан Қасымхановтың шәкірттері  өз салмақтарында сынға түскендер арасында айқын басымдылық танытты. Мәселен, 46 келіде сынға түскен Айбек Бақыт турнирдің чемпионы атанса,  90 келі салмақта бозкілемге шыққан Алмас Жұмағали «күміс» медальді жеңіп алды. Ал Нұрсұлтан Болат (60 кг), Ерқанат Рыздық (82 кг), Қайнар Ибраев (100 кг), Жасұлан Бекболат (57 кг) және  Асылхан Сағитбек (81 кг) сынды бес бірдей палуан турнирдің «қола» жүлдесін еншіледі.

ЖУМАХАН 1

 
 -Турнир тартысқа толы болды. Өйткені, кілемге шыққан жас палуандардың ішінде бір осалы жоқ. Бәрі де мықты. Бұл елімізде қазақ күресінің мықты дамып келе жатқанын көрсетеді,-дейді бапкер Жұмахан Қасымханов.
Айта кету керек, турнирдің өтуіне  ҚР мәдениет және спорт министрлігі, спорттық  жекпе-жек конфедерациясы, Қазақ күресінің федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресінің даму қоры мұрындық болды.

Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓