Құт мекенім – Қостанай!
Қала күні керемет өтті деп ойлаймын. Себебі, менің балаларым үйге көңілді, шат-шадыман күйде оралды. Өзім теледидардан облыс басшысының құттықтауын көрдім, Орталық стадиондағы мерекелік салтанатты шараны тамашаладым. Түнгі 24:00 де отшашуды отбасы болып қарадық. Менің үйім жағалау маңында еді. Отшашу тереземізден әдемі-ақ көрініп тұрды. Мен ел тізгінін ұстаған азаматтарға алғысымды білдіремін. Біздің Қостанайдағы тәртіп пен тазалық Еуропаның бірқатар елдерінде жоқ. Осы тыныштықты бұзбаса екен деп тілеймін.
Мүмкіндігім жеткенше сол күнгі барлық іс-шараларды тамашалауға тырыстым. Қалада адам көп болды. Бәрі бақытты, көңілді жүрді. Мереке шынымен сезіліп тұрды. Орталық стадиондағы шеруге бардым, ата-анамыз үнемі айтып отыратын Олег Газмановты көрдім. Келесі жылы жас жұлдыздарды да шақырады деп ойлаймын. Жағалаудағы отшашудан керемет әсер алдым.
Отбасымен қаланы аралап, қыдырдық. Кішкентай балаларыма ұнады. Орталық саябақтағы батуттар мен атракциондарда ойнап, бір қуанып қалды. Сол жердегі концертті де тамашаладық. Қызықты театрлық қойлымдар болды. Келесі мерекеде казақ эстрадасының жұлдыздарын көргіміз келеді. Ауылдан ата-анамыз келгенде қазақша концерт тамашалағысы келеді. Ал, жастар үшін қала күні керемет өтті. Отшашуды ерекше атап өткім келеді.
Құрбыларыммен «Монстр Манияға» бардық. Керемет әсер алып, түнгі қаламен қыдырдық. Ешқандай шаршауды білмедік, тіпті келесі күні де мерекені жалғастырдық. Орталықтағы барлық іс-шараларды тамашалап, естелік суреттерге түстім. Қостанай-менің қалам. Біз оны жақсы көреміз. Қаламыздың туған күнін әр жыл сайын асыға күтемін. Өйткені, бізге жаңа шоуларды ұйымдастырып, қалалықтар үшін тырысып жүрген жандар бар.