Күн қыза түспек
Жаздың алғашқы күнінен басталған аптап ыстық еліміздің басым бөлігінде сақталуда. Ауа-райын болжаушылардың пайымдауынша, осы апта бойы ауа температурасы күндіз 30-35 градусқа дейін жоғарлайды. Ыстық осы жетінің соңына дейін сақталады. Тек, аптаның аяғына таман күннің беті қайтып, жел тұрады. Кей жерлерде өтпелі жаңбыр жауады. Дәрігерлер осы күндері қан қысымы жоғары жандар мен жүрегі сыр беретіндерге алыс сапарға шықпауды ескертеді.
Айтолқын Қапан