Тонаушыны ұстап, енесін қорғап қалды

савченкоҚарабалық. Ауыл тұрғыны Виктор Савченко тонаушыны ұстап, полицияға ауыр қылмысты ашуға көмектесті. ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  В.Савченко енесі сатушы болып жұмыс істейтін дүкенге келе жатып, күдікті үш адамның сауда орнынан шығып бара жатқанын байқайды. Ішке еніп, енесінің аман екеніне көзі жеткен Виктор тонаушылардың артынан қуады. Олардың біреуін ұстап, полицияға жеткізген. Тексеру барысында, қылмыскерлердің бұрын сотты болғаны анықталды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓