Жаңа әкім іске кірісті

Арқалық қаласына қарасты "Үштөбе" ауылына жаңа әкім сайланды. Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов ауыл тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде, Елбасының сенімді өкілін сайлау барысында, барлық сайлау заңдылықтарының сақталғанын тілге тиек етіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.DSCF1142
 Ауыл әкімі Б. Бралиннің кандидатурасына қалалық мәслихаттың депутаттары бірауыздан дауыс берген.
 Бауыржан Сабыржанұлы 1979 жылы 10 қарашада Аманкелді ауданы, қазіргі "Қабырға" ауылында дүниеге келген. Отбасылы, білімі жоғары. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, мектеп директорлығына дейін көтерілген.DSCF1137
 Тұғырлы басқосуда ауылдастар атынан сөз алған "Қапеш А" ЖШС басшысы Қ. Әлиев ауыл әкімін сайлауда елдің пікірімен санасып, халық қолдап ұсынған тұлғаның тікелей демократиялық жолмен сайланып отырғандығына ризашылығын білдірді.DSCF1134
 Жаңа әкімді қызмет орнына жайғастырған Ғазиз Ерболатұлы алда егін орағы сынды жауапты науқандардың күтіп тұрғанын, сондықтан ел мүддесі үшін әрдайым тиянақты іс атқару қажеттігін алға тартты.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓