Кембағалдарға кеңпейілділік көрсетілді
«Нұр Отан» ХДП-ның ҚОФ мен мемлекеттік орган өкілдері және «Үміт» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, арнайы рейд жүргізді. Мақсат – жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғынжайларда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жүріп-тұру қолайлылығының қай деңгейде жасалып жатқандығын бақылау. Сондай-ақ, мүгедектерге өздерінің тиісті талаптарын түсіндіру. Бұл шара партиялықтардың бастамасымен жарық көрген «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жүзеге асты. Бастаманың атауы айтып тұрғандай, кембағал жандар үшін келешек кедергісіз болашақ бақуатты болуы шарт. «Оларға өздерін қоғамның маңызды бір бөлшегі ретінде сезінуіне жол ашуға тиіспіз» дейді белсенді топ мүшелері. Шара жалғасын тауып тұрмақ.
Жандос Жүсіпбек