Департаментте – жаңа басшы

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қараған облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті Қостанай облыстық Қоғамдық денсаулықты бақылау департаменті болып өзгерді. Жаңа департамент ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты. _UtqBW9JZCI
(Сурет "КН" газетінің сайтынан алынды)
Жаңа мекеме медициналық көмек көрсету бойынша келіп түскен өтініштерді және медициналық мекемелерді аккредитациялау, денсаулық сақтау қызметкерлеріне сертифкат беру мәселелерін қарастырады.
Айтулы департаменттің басшысы болып Орал Бекмағамбетов тағайындалды. Ол бұған дейін медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басышысы қызметін атқарған. Жаңа тағайындау бүгінгі аппарат мәжілісінде айтылды.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓