Ірі жоба жүзеге асырылмақ
Таяуда экономикаға серпін беретін тағы бір алпауыт жоба жүзеге аспақ. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынатын 7 тас жолдың бірі – Астана – Каспий жағалауы бағыты бойынша салынатын автомагистраль Арқалық арқылы өтетін болады. Жобаны қаржыландырушы – Бүкіләлемдік даму банкі, кәсіпкерлер мен қала басшылығының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізді. Жиында жобаның Арқалық халқының игілігіне бағытталуына баса назар аударылды.