Тегін оқулық кімдерге бұйырады?

Елдегі білім беру саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл Қостанай облысында 4, 5, 6, 11 сыныптың оқулықтары 100 %-ға сатып алынды. Кітаптар жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде-ақ таратылатын болады.окулык
Өткен жылы облыс оқушыларын тегін оқулықпен қамту көрсеткіші 98%-ға жетті. Тегін оқулықтар ең алдымен аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға тегін оқулықтар таратылды. Биыл да әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары басты назарда болмақ.
-Мектеп кітапханаларында тегін оқулық таратылады. Алайда, ата-аналардың 2-3 оқулықты сатып алуларына тура келеді. Облыста оқулық жетіспеушілігінің мәселесі төрт жылдан соң нақты шешледі. Яғни, сол уақытта өңірдегі барлық оқушыларды тегін оқулықпен қамтамасыз етеміз,-деді Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева.
Қазіргі уақытта оқулықтарды облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл-аймаққа жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Оқулықтарды жеткізу 10 тамызға дейін аяқталады.  
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓