Бір тәулікке қамауға алынды
Әкелік борышынан жалтарып, сот шешімін орындаудан басын ала қашқан аудан тұрғыны бір күнге қамауға алынды. Қамаққа алынған кісінің кәмелетке толмаған баласына беруі тиіс берешегі бір жыл ішінде 356 003 теңгеге жеткен. Борышкер әке сот актісінің талаптарын орындаудан қашқақтап жүрген. Әкімшілік істі қарау қорытындысында, азамат Ш. сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір күнгі қамақтың берешек салмағын азайтып бермесі анық.